Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: «Аялы ағаш – саялы» атты сенбілік өтті

04.04.2017 3632 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті мен облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі бірлескен іс-шара жоспары аясында «Аялы ағаш – саялы» атты көктемгі ағаш егу сенбілігін ұйымдастырды.

Облыстық балалар ауруханасының ауласын көгалдандыру мақсатында орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұжымы, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері және әлеуметтік желідегі белсенділер қатысқан ұйымдасқан сенбілікте барлығы 100 түп ағаш отырғызылды. Алла қаласа, осы отырғызылған 100 түп ағаш, көңіл-күйді көтерер жасыл желегін жайған баққа айналып,  аталмыш ауруханада ем алып жатқан тәні сырқат балалардың жандарына сая болары сөзсіз. 

Сенбілікке қатысушылар тал отырғызудан бөлек, аурухана ауласын күл-қоқыстан тазартып, тазалық жұмыстарын жүргізді.

Аталмыш сенбілік жұмыстары мамыр айының 15-не дейін жалғасатын болады.

Осы сенбілікке атсалысып, Алла разылығы үшін, қатысқан барлық  мұсылман бауырларымызға алғыс айтамыз.

 

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру