Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Атадан мал қалғанша тал қалсын»... (ФОТО)

03.04.2017 4045 0 пікір

Жер бетіне жаңару мен жаңғырудың лебін ала келген көктем мезгілі, Жер ананы құлпыртып шыға келді. Көктемнің келіп, күннің жылынуын күтіп жүрген мұсылман бауырларымыз мешіт аулаларын көгалдандыру мақсатында ауаны тазарту, көлеңкелеу үшін ағаш, бұта, гүл, көгал өсіруде. Көгалдандыру жұмыстары мешіт аулаларына  әсем көрініс береді, шудан, күннен, шаңнан қорғайды әрі санитарлық-гигиеналық рөл атқарады. 

Осындай ізгі шара 1 сәуір күні Маңғыстау облыстық мешіт ауласында ұйымдастырылды. Мешіт жамағаттары «Алла үйі» саналатын тазалық ордасы  - мешіттің айналасына түрлі жеміс ағаштарын екті. Бұл ізгі шараның ортасында Маңғыстау облысының өкіл имамы С.Сейтбеков те бар еді, ол өзі бастап көшеттерді отырғыза бастады. Мешіт – Алла Тағалаға ғибадат-құлшылық жасалатын орын, Жаратқанға жалбарынатын жер. Сондықтан да, мұсылмандардың мешітке көрсеткен құрметі мен ізгі шаралары, Алла Тағала тарапынан бізге мол сауап болып қайтары сөзсіз.  

«Атадан мал қалғанша тал қалсын» деген қағидаға сәйкес жамағаттардың жеміс ағаштарын көптеп отырғызудағы мақсаты – бұл бескүндік фәни тірлікте көбірек сауап жинап, Алланың разылығына бөлену еді. Жеміс ағашының берген әрбір өнімін жеген адам болсын, аң-құс болсын, сауабы еккен адамға жазылары хақ.

Маңғыстау облыстық орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру