Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Орталық мешіттегі «Наурыз»

03.04.2017 3780 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін атап өтті. Мешіт ауласында қазақы нақышта безендірілген киіз үйлер тігіліп, қатысушыларға арнайы дастархан жайылды.

Қазақтың ұлттық тағамдарынан  ауыз тиюмен қатар, тұрғындар ұлттық ойындардың да куәсі болды.

Мешіт ауласында арқан тарту, қол күрес, қазақша күрес ойындарынан сайыстар өтіп, жеңімпаздар марапатталды.

Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің Бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы барша қонақтарды мерекелерімен құттықтап, аталмыш күннің қазақ халқының өміріндегі маңыздылығына тоқталды.

Мерекені атап өтуге қатысқан өнерпаздар арнайы қойылым қойып, көптің көңілінен шықса, әжелер ансамблі әннен шашуларын шашты.

Жалпы, жыл сайын Наурыз мейрамы мешіттерде өз деңгейінде атап өтіледі.  Қазақ халқының салт-дәстүрлерін ұлықтап, Ұлыстың ұлы күнін осылайша атап өтуді дәстүрге айналдырған мешіт ұжымына тұрғындар да ризашылығын жеткізді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру