Бүгінгі таңда жастардың көпшілігі діни мәліметтерді ғаламтор әлеуметтік желілерінен іздейтінін ескере отырып Павлодар облысы орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің имамдары 14 наурыздан бастап Ватсап желісі арқылы «Сұрағым бар.pvl» группасын ашып, діни сұрақтар мен қоса жастар өміріне қатысты мәселелерге жауап беруді қолға алды.
Дәл бүгінгі күні«Сұрағым бар.pvl» атты ватсап желісінде мешіт имамдары, наиб имамдар, азаншылар, ұстаздардан құралған 96 қатысушы бар. Олар арқылы 2 аптаның ішінде желіге ақида, қарым-қатынас, отбасы құқығы, мешіт істеріне қатысты 105 сұрақ келіп түсіп, имамдардан тиісті жауаптарын алуда. «Сұрағым бар.pvl» группасының администраторы және сұрақтарға жауап беруші маман – «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің наиб имамы, медресе ұстазы Хасан Аманқұлов.
«Павлодар облысы бойынша 128 діни қызметкер жұмыс істейді. Олардың білім деңгейі де, тәжірибесі де әртүрлі. Имам-молдалар және жамағат тарапынан, әсіресе жастардан күнделікті түсіп жатқан сұрақтар өте көп.Бұл істің негізгі мақсаты өңіріміздегі имам-молдалардың білімін көтеру, жастарды жат ағымдардан сақтандыру және мониторинг жасап, ізденіс бағытын анықтап, болашақта жергілікті имамдарға нақты мәселелер бойынша семинарлар ұйымдастыру болмақ. Кейіннен сұрақ-жауаптарды жинақтап, кітапша шығаруды ұйғарып отырмыз »,-дейді өкіл имам Нариман Ермекұлы.
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.04.2017
4424
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру