
Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков Мұнайлы ауданына қарасты Маңғыстау ауылдық мешітінде болып, 30 наурыз күні құптан намазынан кейін жиналған жастар жамағатына «Ғайбат айту үлкен күнә» тақырыбында тұшымды уағыз айтты.
Әр аптаның бейсенбі күні аталмыш мешітте құптан намазынан кейін, құлшылық ету үшін мешітке жиналған жамағаттарға дастархан жайылып, уағыз айтылу жақсы бір үрдіске енген. Намазға жиналған жамағат өкіл имамға ұйып құптан намазын оқып болған соң, намаз соңында Смайыл Сейтбеков жамағатқа «Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын. Жаратушы Алла Тағаланың жаратқан құлдарына берері мол болсын», - деп дұға етті.
Қасиетті Құранның Хужурат сүресінің 12-ші аятында біреуді ғайбаттамау туралы былай бұйырылған: «Әй, мүміндер! Күмәннің көбінен сақтаныңдар. Өйткені, күмәннің кейбірі күнә. Сыр тексермеңдер, біреуді-біреу ғайбаттамасын. Біреулерің өлген туысының етін жеуді жақсы көре ме? Әрине оны жек көресіңдер. Расында Алла тәубені тым қабыл етуші, ерекше мейірімді».
«Осы аятта айтылғандай, дініміздегі үлкен күнәлардың бірі – ғайбат айту. Ғайбат – адамның сыртынан жамандау, өсектеу деген сөз. Біреуді ғайбат ету, өлген адамның етін жеумен бірдей екендігі білдірілген бұл аятта. Ғайбат айтудың қаншалықты ауыр күнә екенін білсек те, осы жаман індетті түбегейлі қоя алмай келеміз. Ғайбат тәубемен кешірілетін күнә емес, оның кешірімі тек ғайбаттаған жаннан кешірім алу ғана. Оның басқа жолы жоқ», - деп уағызын түйіндеген имам, Пайғамбарымыздың (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) мына хадисін естен шығармауды ескертті: «Кім екі көзіне, тіліне және екі аяғының арасына ие боламын деп уәде берсе, мен де оның Жәннәтқа кіретініне кепіл боламын».
Өкіл имамның «Ғайбат айту үлкен күнә» тақырыбында айтылған уағызын жиналған жастар қауымы аса ден қойып тыңдады.
«Ғайбат айтудан сақ болайық, бауырлар!»
Маңғыстау облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.04.2017
3558
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру