Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Халифа Алтай» мешітіндегі сенбілік

03.04.2017 3473 0 пікір

ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі осы өңірге қарасты барлық мешіттерге сәуір айының - 1 жұлдызын сенбілік жасау күні етіп белгілеген болатын. Қасиетті Ережеп айында мол сауапқа кенеліп қалуға асыққан мешіт ұжымдары аталмыш тапсырмаға сәйкес өңірге қарасты барлық мешіттерде сенбілік тазалық шарасын ұйымдастырды.

Қасиетті Құранда былай делінген: «Алланың мешіттерін шынымен Аллаға және ақырет күніне сенген, намазды толық өтеген, зекет берген, тек қана Алладан қорыққан адамдар ғана ұстайды. Міне, солардың тура жол табушылардан болуы үміт етіледі» («Тәубе» сүресі, 18-аят).

Облыстық «Халифа Алтай» мешітінде өткен сенбілікке имамдар, мешіт жамағаттары мен шәкірттер қатысты. Олар «Алла үйі» саналатын мешіт ауласын тазалап,  қыстың күні қар астында қалып қойған қоқыстарды сыпырып, мешіт ауласын ретке келтірді. Өздері күніне бес уақыт келіп, Жаратушыға құлшылық ететін мешіттерінің ауласын айнадай етіп тазалап, тап-тұйнақтай жинастырып қойды.


«Тазалық иманның жартысы. Исламда тазалыққа баса мән берілген. Мешіт айналасы таза, көркем, әдемі болуы тиіс. Біз мешіт маңының  тазалығын басты назарда ұстаймыз. Тазалық жұмыстары үздіксіз жүріліп тұратын болады», - дейді сенбілікті ұйымдастырушылар.

Сенбілікке мешіт жамағаттарының көптеп келіп қатысуы олардың бірлігін, мешітке деген жанашырлығын көрсетті.

Сенбілік барлық мешіттерде ұйымшылдықпен, жүріліп, оған келгендер белсенді қатысты. Мешіт ауласын тазалау үшін, уақыт тауып келген жүректері иманға толы осы жандарға Алла Тағала 2 дүние жақсылығын нәсіп етсін дегіміз келеді.

 

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру