Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Елбасы Жолдауы – тың ізденістерге жетелейді

01.04.2017 3776 0 пікір

Баршаға мәлім, үстіміздегі жылы 31 қаңтарда  мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші Жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын Жолдауды басшылыққа ала отырып, студент жастарды Отан сүюге тәрбиелеу, ерлікке баулу, патриоттық сезім қалыптастыру мақсатында Қостанай қалалық мешітінде «Жаңа жолдау- жаңа басымдық» атты тақырыппен кездесу болып өтті.

Мәжіліске Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры, философия ғылымдарының кандидаты Қалқаман Жақып және Қостанай политехникалық колледжінің жастар комитетінің төрағасы Дастан Беков қатысты.

Бас имам  Шоқан Ғазизұлы мен белгілі ғалым Қалқаман Хасенұлы Елбасының мемлекетіміздің болашағы болып табылатын жастарға туғызып жатқан мүмкіндіктер мен жасалған қамқорлықтарға жан-жақты тоқталды.

Сондай-ақ, колледж өкілі Дастан Салтанатұлы өзінің пікірін ортаға сала келіп, жастардың республикамыздың мәртебесі бұдан да асқақ әрі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылу үшін жігіттер мен қыздар аянбай еңбек етулері қажет екендігін айтты.

Мешіттің наиб имамы Дүйсен Сәрінжіпұлы өз сөзінде жастардың жат ағымдардан аулақ болып, ұлттық салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды берік ұстану қажеттігін тілге тиек етті.

Кешке қатысқан Қостанай қаласындағы гуманитарлық және экономикалық колледждерінің студенттері өздерінің көкейде жүрген сауалдарын қойып, нақты жауап алды.

Ал бас қосуда кітапхана тарапынан модераторлық қызмет ұсынылып, қатысушылардың назарына  «Жаңа жолдау - жаңа басымдық» атты слайдтар көрсетілді.

 

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша

өкілдігінің баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру