«Насихат» қоғамдық бірлестігі мен «Науан хазрет» мешітінің әйелдер-қыздар секторының бірлесіп ұйымдастыруымен әйел жамағатына арналған келелі кездесу болып өтті.
Шараға қатысушыларға «Науан хазрет» мешітінің наиб имамы Қанат Алшимбаев ақида ілімі бойынша дәріс жүргізіп, шариғаттағы иман сөзінің анықтамасы төңірегінде тақырып қозғады. Иман ұғымына қатысты ғалымдардың көзқарастарын келтіріп, айырмашылықтарын түсіндіріп берді.
Аталған шара аясында арнайы сауалнама жүргізіліп, әйел жамағатының пікірлері ортаға салынды. Сонымен бірге, олар өздерін толғандырған сауалдарды жолдап, оған толымды жауаптар алды.
Бір айта кетерлігі бұл кездесу орыс тілінде жүргізілді. Өз кезегінде нәзік жандар кездесуді ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта осындай шаралар көбірек өткізілсе деген тілектерін де жеткізді.
Бақыт Смағұл
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
31.03.2017
3451
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру