Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам облыстық кеңестің отырысында баяндама жасады

31.03.2017 3502 0 пікір

Наурыздың 30-ы күні облыс әкімі Н.Ноғаевтың төрағалығымен Атырау облысы әкімі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес отырысы өтті.

Күн тәртібіне сай ең алғашқы болып ҚМДБ-ның Атырау өңіріндегі өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы сөз алып, Алла үйінің уағыз-насихат, теріс ағымдармен жұмыс, қайырымдылық, сауат ашу бағыттары бойынша жасап жатқан жұмыстары негізінде дайындаған баяндамасын оқыды.

Кадр мәселесі, ел ішіндегі торқалы той, топырақты өлім жағдайындағы кейбір келеңсіз жайттар туралы ұсыныстарын ортаға салған өкіл имам кісісі өлген қаралы үй иелерінің бар уақыты мейрамхана мен қоңды мал іздеуге кететінін мәселе етіп көтерді. Сондай-ақ, аста-төк ысырапшылдықтан арылып, марқұмға Құран бағыштап, дұға оқуға көбірек көңіл бөлудің қажеттілігін айтты.

Бұл бастаманы облыс әкімі Нұрлан Ноғаев та қолдап, «Садақадағы молшылық расымен де қынжылтады. Осындай жиындарда мұны мойындасақ та, жеке өзімізге келген кезде «қарапайым дастарханнан бейшара болып көрінбеймін бе?» деген оймен аста-төк ысырапқа жол беріп жатамыз. Жерлеу рәсімі, марқұмның басын қарайтуда да зәулім сарайлар тұрғызуды бәсекеге айналдырып алдық. Мұндай астамшылық кімге керек?», - деді. Сондай-ақ, облыс басшысы Нұрлан Ноғаев дініміз талап ететін қарапайымдылыққа құрметпен қарауға шақырды.

"Иманғали" орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру