
Иманды да ибалы, білімді де білікті, сұлу да сымбатты деп бәлкім “Нұр-Мүбарак” университетінің студенттеріне қатысты айтса орынды. Себебі Алматы қаласында ұйымдастырылған жоғары оқу орындары арасындағы спартакиада университет студенттері алтын, күміс, қола, яғни барлығы 13 алқа тақты. Яғни, қол күресі (армрестлинг), пауэрлифтинг (гір көтеру) және арқан тарту бойынша 3 бағытта ерлер мен қыздар арасында тартысты сайыста Бағи Бақыт қызымыз қарсыластарына дес бермей, алтыннан алқа тақты. Сондай-ақ, құрамында Бағимен бірге Әйгерім Ахметбекова, Қызғалдақ Жәнібекова, Гаухар Жөневова, Айша Әппай бар қыздар тобы арқан тартыстан екінші дәрежелі диплом алып, әрқайсысы күмістен алқа тақты.
Ұлдар жағы да осал емес. Пауэрлифтингтен, яғни гір көтеру бойынша Рахматулла Әбілхайыр, Абдуғаппар Махсутовтар екінші дәрежелі диплом мен күмістен алқа тағып, Заманбек Рахатов үшінші дәрежелі диплом мен қола медальді місе тұтты. Сондай-ақ, осы үш студентпен бірге топ құрамында Мұхаммедияр Бөлтірік, Бағдат Жұмабектерден тұратын команда арқан тартудан алдыңғы екі орынды да иеленген ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара академиясының сарбаздарының ізін ала үшінші дәрежелі диплом мен қола медальдан тақты.
Осылайша Алматы қаласындағы бүкіл жоғары оқу орындарынан жиналған 200-дей сайдың тасындай салауатты студенттер арасынан “Нұр-Мүбарак” университетінің намысын қорғаушылар 13 медальді қоржынға салды. Студенттерді спортқа баулып, дұрыс бағыттап келе жатқан сайыпқыран ұстаздар, спорт шеберлері Айдар Иманбаев мырза мен Алтынай Балтина ханымның да үлесі зор.
Жалпы Алматы қаласында жұртшылықты бұқаралық спортқа тәрбиелеп, салауаттылықты насихаттайтын «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы студенттер арасында түрлі сайыстар өткізуді дәстүрге айналдырған. Бұл сайысқа үнемі үлес қосып келе жатқан “Нұр-Мүбарак” университеті әрдайым жүлделерге ие болып, жеңіс туын желбіретіп келеді.
Жеңіс туы тұғырлы болсын, құрметті жеңімпаздар!
Айша КЕҢЕСБАЙ,
“Нұр-Мүбарак” университетінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
31.03.2017
4621
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру