Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам ауыл ақсақалдарымен кездесті (ФОТО)

31.03.2017 3428 0 пікір

Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков 29 наурыз күні Маңғыстау ауданы, Ақшымырау және Қызаң ауылына арнайы сапармен барып, ауылдық мәдениет үйінде ауыл ақсақалдарымен кездесті.

Түске дейін Ақшымырау ауыл ақсақалдарымен кездессе, түстен кейін Қызан ауыл ақсақалдарымен кездесті. Кездесуге Маңғыстау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ертілеуов Аманқос ақсақал мен ауыл әкімдері қатысты. Өкіл имам облыс жұртшылығына жақында Маңғыстау аудан ақсақалдарының «Садақа өткізудің Маңғыстаулық ортақ әдебі» атты үндеуінде көтерілген мәселелердің әрбірін шариғат бойынша талдап түсіндіріп өтті. Сонымен қатар қазіргі діни ахуал бойынша баяндап, салафизм ағымының тигізер зардаптары жайында кеңінен тоқталып өтті. 

Ақсақалдар өкіл имам С.Сейтбековке көкейлерінде жүрген мәселелерді қойып жатты. Мешіт салу және сауатты имам алдыру мәселесін көтерді. Өкіл имам мешіт салынған жағдайда білімді имамдарды қызметке тартудың қиын еместігін түсіндірді.

 

Маңғыстау облыстық орталық

мешітінің баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру