Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

“Нұр-Мүбарак” студенттері жеңімпаз атанды

31.03.2017 3979 0 пікір

Исламтану мен дінтанушылар бүгінде қоғамға аса қажетті мамандарға айналуда. Сондықтан бұл мамандыққа деген сұраныс артып келеді. Ал еліміздегі ең алғашқы теологтарды даярлаушы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті дін саласында білім алушы студенттер арасында олимпиада өткізуді игі үрдіске айналдырған.

Биыл 9-рет өткізілген теология пәні бойынша республикалық олимпиада өз мәресіне жетіп, Нұр-Мүбарак университетінен қатысқан студенттердің екі тобы да жеңімпаздар тұғырына көтерілді.

Яғни, еліміз бойынша қатысқан 4 жоғары оқу орнынан 8 топ өзара бақ сынады. Жалпы есеппен Нұр-Мүбарактың Исламтану кафедрасының меңгерушісі, белгілі ғалым Шамшәт Әділбаева ханым жетекшілік еткен Исламтану командасы 2-орын, ал Дінтану кафедрасының меңгерушісі Қалмахан Ержан мырза  бастаған дінтанушы студенттер тобы 3-орын иеленді. Ал бірінші орынды Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің дінтанушылары еншіледі.  

8 топтың арасынан екі жүлделі орынды иеленген исламтанушы мен дінтанушы студенттер тобының қос бірдей жеңісі — әлбетте “Нұр-Мүбарак” университетінің жетістігі һәм ұстаздардың біліктілігі мен білімін дәлелдей түскендей. Сондықтан, жеңістеріңіз құтты, еңбектеріңіз жемісті болсын демекпіз.  

Айша КЕҢЕСБАЙ

“Нұр-Мүбарак” университетінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру