Маңғыстау облыстық орталық мешітіне күнделікті Құран және Құран әліппесі, Фиқһ, Ақида сабақтары жүйелі түрде өткізіліп келеді.
Мешіт жанындағы сауат ашу курстарында білімдерін жетілдіріп жүрген шәкірттер арасында «Кім жүйрік» атты білім сайысы болып өтті. Күнделікті айтылатын уағыздар мен жүргізілетін сабақбақтарға жүйелі түрде қатысып жүрген шәкірттер арнайы дайындалған сұрақтарға жауап беруден сынға түсті. Сайыстың шарттарына сәйкес екі шәкірт бірлесе сұрақтарға жауап берді. Сыннан сүрінбей өтіп сұрақтарға толық жауап берген шәкірттер әділқазылардың баға беруімен жүлделі орындарға ие болды.
Бірінші орынды Нұржан мен Арман, екінші орынды Ержан мен Есбол, үшінші орынды Нұрлыбек пен Жасұлан атты шәкірттер иеленді. Өз білімдерін сынап, сайысқа түскен шәкірттер мешіт ұстаздарына алғыстарын айтып, қуаныштарымен бөлісті. Игі шара алдағы уақытта жалғасын табатын болады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын):«Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп оны үйреткендерің», – деп өсиет қалдырған.
Маңғыстау облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.03.2017
3947
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру