Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ырысымызды молайтқан Ұлыс мерекесіндегі ізгі амалдар (ФОТО)

30.03.2017 3579 0 пікір

Ырысымызды тасытып, өрісімізді төрт түлікке толтыратын көктем мезгіліндегі мереке – Ұлыс күнін халқымызда үлкен-кіші бірдей ұлықтайды. Қазан көтеріліп, қонақ күтіп, бұл күні барлық үйде кішігірім той болады, дастархан жайылып, көжемізден дәм ұсынылады. Алты ай қыстан кейін амандықпен қауышқан ағайын бір-бірімен көрісіп, арқа-жарқа болады. Бұл күні ешкім ренжіспейді де, реніші барлар лезде татуласады, табысады, жоқ-жітікке де жәрдем беріліп, өзара бөлісілген қуаныш әр үйде шаттық шамшырағы болып жанады.

Айтулы мерекені өз мәнінде атап өткен Мұғалжар аудандық «Нұртай» мешітінің жамағаты да бұл күні бірнеше отбасыны қуанышқа бөлеп, мерейлерін тасытты. Мешіттің бас имамы Ерболат Жүсіпов жиырма отбасыға азық-түлікпен жәрдем беріп, мерекелік дастархандарын дәмге толтырды.

Ақтөбенің төріндегі Ұлыс тойы да үзілмей жалғасуда. Жуырда қаланың бір топ белсенді жастары қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, ыстық бауырсақтардан дәм таратты. ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы Төлеби Оспанның қолдауымен жүзеге асқан шараға қаланың ерікті жастары қатысты. ҚМДБ-ның жастар ісі бөлімінің облысымыздағы өкілі Асылхан Темірханов бастаған жастар ҚР Тұңғыш Президентінің Саябағынан бастап "Мега" ойын-сауық орталығына дейін тұрғындарға ыстық бауырсақтар таратып, Ұлыс күнімен құттықтап, ізгі тілектерін арнады. Және күллі қазақстандықтарды желі арқылы құттықтап, ізгі амал жалғассын деген ниетпен құттықтау эстафетасын өзге қандастарымызға жолдады. 

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр»

мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру