
Талдықорғандық бір топ студент жастар Шығыс Қазақстан облысына келген сапарында облыстық «Халифа Алтай» мешітінде болды.
Өскемен қаласының сәулетіне сән беріп тұрған еңселі мешітке келген шәкірттерді облыстық мешіттің наиб имамы Дәулет Қабидолдин қарсы алып, мешітті аралатып, таныстырды. Оларға мешіттің тарихынан қызықты мәліметтер айтып берді.
Наиб имам сонымен қатар жастарға кері ағымдардан сақтану, олардың белгісі жайлы тұщымды уағыз айтты
«Бізге «Халифа Алтай» мешітінің сәулеті айырықша ұнады. Мешіт өте көркем екен. Алыстан көз тартып тұр. Біз өзіміздің Өскемен қаласына келген сапарымызды осы рухани ордасынан бастауды жөн санадық» деп, талдықорғандық жастар өз лебіздерін білдірді.
Наиб имам жетісулық студенттердің сапарына сәттілік тілеп, бата жасады.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.03.2017
3402
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру