ҚМДБ-ның Өскемен аймағының өкілдігінде өңірге қарасты имамдардың кезекті басқосуы болып өтті. Шараға аудан, қала имамдары қатысты.
Жиынды ҚМДБ-ның Өскемен аймағының өкіл имамы ашып, өткен 3 айда атқарылған шараларды саралады. Жасалған істерді қорытындылай келе, имамдарға нақты міндет жүктеді.
Мешіт құжаттарының түгенделуі, ЖАНТ мәселесіне байланысты нақты шаралар жоспары жасалды. Сонымен қатар еліміздегі діни оқу орындарына түсушілер туралы да мәселе қаралды.
Алдағы міндеттерге тоқталып, имамдарға нақты тапсырмалар берді.
«Алдағы сәуір айын Діни басқарманың бекіткен құжаттарын насихаттау айлығы етіп жариялап отырмыз. Бұл уақытта біз аталған құжаттарды әлі де халық арасына кеңірек насихаттап, семинарлар өткізіп, нақты шаралар жасауымыз керек. Себебі біздің қызметіміз үшін, асыл дініміз үшін бұл құжаттардың орны ерекше» деп атап өтті өкіл имам.
Алдағы уақытта өңірге қарасты барлық аудандарда аталған құжаттарды насихаттау бойынша іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.03.2017
3277
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру