Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам ақсақалдармен ақылдасты (ФОТО)

30.03.2017 3431 0 пікір

29 наурыз күні Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің бас имамы Төлеби Оспан мешіттің алқа мүшелерімен және ақсақалдармен кездесіп, өкілдіктің өткен 2016 жылы атқарылған жұмыстарын баяндады. Соның ішінде, оқу-ағарту, уағыз-насихат жұмыстарының жүргізілу барысына, өткен қараша айында мешіт жанынан құрылған «Сен де үлес қос!» акциясының жұмысына тоқталып, қайырымдылық бағытындағы бірқатар игі шаралардың атқарылғандығын жеткізді. Мешіттің бас есепшісі Гүлнар Маханова мешіттің қаржылық кіріс-шығыстарын баяндады.

Кездесуде алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың реті пысықталды. Соның ішінде сәуір айына жоспарланған діни рәсімдерді бірізділендіру мақсатында өткізілетін конференцияның барысы талқыланып, өкіл имам Төлеби Дәділұлы ақсақалдармен ақылдасты, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің

баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру