Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ауыл тұрғындары Ғазиз Ахметовпен кездесу өткізді (ФОТО)

30.03.2017 3324 0 пікір

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Ғазиз Ахметов кеше Ақмола облысы, Целиноргад аудандық әкімдігінде кездесу өткізіп, Ақмол ауылының тұрғындарына уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді. Астана қаласы әкімдігі Дін проблемаларын зерттеу орталығының ұйытқы болуымен өткен ғибратты кездесуге ауыл әкімдері мен мемлекеттік қызметкерлер, ауыл тұрғындары, аталмыш орталықтың аудандағы бөлімше мамандары, Целиноргад ауданына қарасты ауыл имамдары мен мектептердегі «Дінтану» пәнінің ұстаздары қатысып, тұщымды ақпаратқа толы дәріс тыңдады.

Кездесу барысында еліміздің бірлігіне нұқсан келтіруді көздеген жат ағымдар жайы қозғалып, олардың қауіптілігі турасында түсіндірілді. Адасқан ағымдардың шырмауына түскен жастарды арашалап қалу – қоғам бірлігіне қосқан үлкен үлес болатынын баса айтқан Ғазиз Ахметовтың уағызы отырғандар үшін таптырмас деректер мен дәлелдерге толы болды. Кездесу соңында қатысушылар тарапынан ұстазға түрлі сұрақтар қойылып, шешімін таппай біраз жайттың басы қайырылды.

Muslim.kz

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру