Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ұлыстың ұлы күні Талдықорғанда бірқатар қайырымдылық шаралары өтті (ФОТО)

29.03.2017 3368 0 пікір

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай, Талдықорған орталық «Иман» мешітінің ұйымдастыруымен қатарынан бірнеше шара өтті.

Қасиетті жұма күні орталық «Иман» мешітінде «Жәрмеңкемен жәрдемдес» атты қайырымдылық акциясы жалғасын тапты. Мешіттің әйел жамағаты мен шәкірт қыздары түрлі ас, тәтті тағамдарды ұсынды.

Ал, жұма парызын өтеп шыққан жастар мешіт ауласында ұйымдастырылған арқан тартыс, асық ату, қол күрес сынды спорттық ойындарға қатысты.

Қайырымдылық шарасы Талдықорған қаласындағы баспанасыз, тұрақты мекен жайы жоқтарды бейімдеу орталығында жалғасын тапты. Іс-шараға ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Серікхан Рымханұлы қатысып, орталық «Иман» мешітінің әйел жамағаттары атынан баспанасыз жандарға ас беріп, наурыз көже таратты. Сонымен қатар, баспанасыз жандардың көңіл күйін көтеріп, Наурыз мейрамы қарсаңында облыстық филармонияның қызметкерлері ән шырқап, концерттік бағдарлама ұсынды. Өкіл имам жасы үлкен қарт аталарымызға шапан жауып, апаларымызға орамал сыйға тартты. Үлкендер қауымы алғыстарын білдіріп, баталарын берді.

Талдықорған өңірлік баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру