Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістанда «Анаға құрмет» шарасы өтті (ФОТО)

28.03.2017 3527 0 пікір

ҚМДБ ОҚО бойынша Өкілдігі, Түркістан қаласы орталық «Түркістан-Ахмет Яссауи» мешіті «Әйел-қыздар» секторының «Анаға құрмет» іс-шарасы аясында «Инабатты қыз, ибалы келін, ардақты ана» тақырыбында рухани кеш болып өтті. Шара Түркістан қаласы «Тарихи мәдени этнографиялық орталық» музейінің Акт залында «Әжелер мектебімен» бірлесе өткізілді. Шараның мақсаты - ұлттық дәстүрімізді, қоғамдағы қыз, келін тәрбиесін насихаттау.

Шара аясында «Сыңсу» айту, «Тұсау кесу», «Беташар» т.б. дәстүрлеріміз насихатталды. Іс-шараны әуелі Құран Кәріммен бастап, ары қарай құттықтау сөз кезегі Түркістан қаласының Бас имамы Омар қажы Елеуұлына берілді. Өз кезегінде Бас имам «Әйел-қыздар» секторының құрылғанына 2 ай болса да атқарып отырған іс-шараларына көңілі толатындығын айтып және аналарды мейрамдарымен құттықтады. Сөз соңында ұстаз Ләтипа Қажымұратқызын арнайы «Алғыс хатпен» марапаттады. Шара аясында түрлі көріністер мен уағыздар айтылды. Сөз соңында «Әжелер мектебі» төрайымы Қарлығаш апа сөз алып, атқарылып жатқан іс-шараның тәрбиелік мәні зор екендігін айтып, өз ризашылықтарын айтты. 

«Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің баспасөз бөлімі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру