Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылжардағы Наурыз мерекесі

28.03.2017 3248 0 пікір

Биылғы Наурызды Қызылжар өңірі барынша ауқымды түрде атап өтті. Қаланың қақ ортасында тігілген киіз үйлер тұтас бір ауылды елестеткендей болды. Солардың бірінде дін қызметкерлері де жыл басын қарсы алды. Онда өңірдегі ислам, православие және католик діндерінің басшылары тоғысты. ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» мешітінің Бас имамы Кенжетай қажы Дүйсенбай жиналғандарды Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтады. Өзге діндердің өкілдері де лебіздерін білдірді. Наурыз бірліктің мейрамы екені әйгілене түсті.

Мейрам барысында салт-дәстүрді айғақтайтын ұлттық ойындар ойналды.

Жылдағы дәстүр бойынша «Қызылжар» мешітінің өзінде де күн ұзақ келімді-кетімді кісілерге наурыз көже ғана емес, басқа да тағамдар ұсынылды. Бұл күні Петропавл қаласының әкімі Марат Тасмағамбетов те мешітке арнайы келіп, жиналған жамағатты Наурыз мейрамымен құттықтады.

«Қызылжар» мешітінің жамағатына арнайы дастархан жайылды.

 

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру