Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семейде «Инабатты қыз, иманды ару» шарасы өтті (ФОТО)

28.03.2017 4466 0 пікір

Салт-дәстүрді жаңғырту, оны сақтай отырып, келешек ұрпаққа жеткізу мақсатында ҚМДБ-ның Семей өңірі бойынша «Әйел-қыздар» секторы Қос мұнаралы орталық мешітінде Наурыз мерекесінің құрметіне «Инабатты қыз, иманды ару» тақырыбында бойжеткендер арасында сайыс өткізді.

Сайыста қыздар ұлттық тағамдарды дайындап, ұлттық қол өнер бұйымдарын жасап көрсетіп және дін мен дәстүрімізге қатысты сұрақтарға жауап берді. Үзіліс уақытында сауат ашу курсының шәкірттері көрермендерге «Қабыл болған дұға...» деген тәрбиелік мәні бар қойылым қойып берді. Қазылар алқасы орындар тағайындап, қатысқан әр бойжеткен қызымызды бағалы сыйлықтармен марапаттады. Келген қонақтарға ақ жаулықты әжелеріміз наурыз көже таратып, баталарын берді.

Қос мұнаралы орталық мешіттінің баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру