Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Ықылас» қарилар дайындау орталығы наурыз мерекесін атап өтті

28.03.2017 4237 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Ықылас» қарилар дайындау орталығының қыздар бөлімі Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін салтанатты түрде атап өтті. Орталық шәкірттері сахналық көріністер қойып, иләһи әндер орындады. Талантты қыздарымыз күй тартып, өлеңдер айтты. 100-ге жуық қажы аналарымыз мерекелік іс-шараның қонағы болды. Кең дастархан жайылып келген қонақтарға ұлттық тағамдар және наурыз көже тартылды.

Алла Тағалаға сансыз шүкірлер болсын, еліміз тәуелсіздік алғаннан бері Наурыз мерекесін кең көлемде тойлап, атап өтуге мүмкіншілік туып, халқымыз ұлттық сана, салт-дәстүрді және ұлттық ойындарды қайта жаңғыртуда.

Алла Тағала мемлекетімізді берекелі де мерекелі етіп, мәңгілік ел болуды жазсын! Әумин!


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру