Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінде әз Наурыз мерекесінің құрметіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ОҚО бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен «Наурызнама» атты мерекелік шара өтті.
Дәстүрге сәйкес, мерекелік шара қасиетті Құранды тіләуат етумен басталды. Ел ағаларына құттықтау сөз берілді. ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан Керімбек арнайы сөз алып, алдымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің Наурыз мерекесімен құттықтауын жеткізді. Сондай-ақ, аталмыш мерекенің жыл сайын мәні мен мазмұнының артып келе жатқанына ерекше тоқталды.
Осыдан кейін, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Ербол Байқонақов, облыстық «Діни мәселелерін зерттеу орталығы» мекемесінің директоры Н.Тұрсынбай, «Қамар» қайырымдылық мекемесінің төрағасы А.Есей, дінтанушы Қ.Маджанов т.б. зиялы қауым өкілдері мерекемен құттықтады.
Мерекенің негізгі айшықтары ретінде мешіт ауласына 2 ақшаңқан киіз үй тігіліп, үлкендер жағы дастарханнан дәм татып, бірін-бірі мерекемен құттықтады. Мешітке келушілердің зор ықыласын тудырған шарада жалпы 450 жамағатқа мерекелік дастархан жайылды.
Мұнымен қатар, ұлттық ойын түрлерін дәріптеу мақсатында бірқатар сайыс түрлеріне кезек берілді. Атап айтқанда, арқан тарту, қол күрес, гір тасын көтеру түрлерінен сайыс өтті. Барлық қатысушыларға арнайы сый-сияпат берілді.
Наурыз мерекесін оңтүстік қазақстандық жамағаттар бар сән-салтанатымен тойлады.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.03.2017
3551
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру