Алматы қаласы, әдеттегідей, мәдени шаралардан қалыс қалмады.
Ұлт дәстүрінің дін дамуына берері көп. Мешіттерде дастархан жаю, ұлттық спорт түрлерінен сайыс ұйымдастыру - халықтың мешіт тынысымен танысуына мүмкіндік береді. Сонымен бірге, түрлі ағымдарға бөлінген қандастарымызды бір ортаға жұмылдырып, бір-бірімен етене араласу арқылы бауырмалдығын арттырады.
Осы бағытты Алматы қаласының әр ауданында имамдардың ұйытқы болуымен жамағаттар бас қосты. Сонымен қатар, жетімдер де мерекенің қуанышын сезінді.
![]()
Алматы қаласы "Жастар ісі" бөлімінің өкілі Қайыргелді Руслан "Облыстық №1 балабақшада" қоғам қайраткерлері, атақты спортшылар мен эстрада әншілерінің басын қосып, балалармен наурыз тойлады.
![]()
Бекжан Тұрыспен
![]()
Ардақ Назаровпен
![]()
Ұлттық спорт түрлерінен сайыс ұйымдастырылып, 12 номинация бойынша сыйлықтар табысталды
"Жастар ісі" бөліміне қарасты "Әйелдер-қыздар секторы" Алматы орталық мешітінің жамағатымен дастархан үстінде бас қосып, әжелеріміз дәстүрден үлгі көрсетті.
Шараға ҚМДБ-ның Алматы қаласы бойынша өкілі Нұрбек Ауесханұлының атынан Дулатбаев Жорабай имам қатысып, құттықтады.
Шара ұйымдастырушысы "Әелдер-қыздар секторының" жетекшісі Ахметова Маржанқыз жастардың әжелерімізден алар өнегесі мол екендігі жайлы уағыз айтты.
Әуезов ауданы Бас имамының ұйымдастыруымен өткен шарада киіз үй тігіліп, азан шақырып ат қою, тұсау кесу т.б. көріністер көрсетілді.
![]()
Алмалы ауданындағы "Әйелдер-қыздар" секторының дәстүрлі бас қосуы
![]()
Алмалы ауданы Төлеби мешіті имамдары спорттық шара ұйымдастырып, жамағаттың басын қосты.
![]()
![]()
Жетісу ауданында "Жастар ісі" бөлімі спорттық шара ұйымдастырды
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
Түрксіб ауданында кең ауқымда әртүрлі спорттық бәйге ұйымдастырылып, жамағатқа дастархан жайылды. Шара барысында имамдар жамағатты ауызбіршілікке шақырар уағыздар айтты.
![]()
Алатау ауданында қайырымдылық акциясы өтті.
Наурыз мерекесі дінге қайшы емес
Наурыз мерекесі діни мереке емес екені баршамызға мәлім. Бірақ Алла Тағала Құран Кәрімде: «Бір-бірлеріңді тануларың үшін ұлттар мен тайпаларға бөліп жараттық», - деді. Аятқа сүйенсек, дініміз мұсылмандарды бір ұлтқа немесе бір келкі мәдениетке бейімдеуші күш емес, керісінше, әр ұлт өз дәстүрін, құндылығын сақтай отырып, бір Аллаға құлшылық етуді дәріптейді. Әрине, әр амалда Алланың бекіткен шекараларын сақтау мұсылманның міндеті.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.03.2017
4408
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру