
Маңғыстау облыстық орталық мешіті "Әйелдер-қыздар" секторының үйлестірушісі, облыстық мешіттің ұстазы Гауһар Жұмағалиеваның ұйымдастыруымен екінші рет намазхан келіндер арасында сайыс өтті. Бұл жолғы сайыс Жаңаөзен қаласындағы намазхан әйелдер арасында ұйымдастырылды. Жақында ғана ел игілігіне ұсынылған «Әбіш қожа» мешітінде өткен сайысқа әжелер төрелік етті. Сайыс ережесі бойынша жас келіндер түрлі тағам жасау мен шеберліктері бойынша сынға түсті.
Әжелер баланы бесікке бөлеуді көрсетіп, бесік жырын айтып берді. Сонымен қатар тұсау кесер дәстүріне сәйкес бүлдіршін баланың тұсауы кесілді. Келіндер сайысы тартысты да, қызықты өтті. Қойылған талаптарға толыққанды жауап берген келіндер арнайы сыйлықпен марапатталды.
Сайыс соңында шараға қатысқан барлық намазхан әйелдерге дастархан жайылды.
Маңғыстау облыстық орталық
мешітінің баспасөз хатшысы
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.03.2017
4781
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру