Асыл дініміз Ислам салауатты өмір салтын арттыратын дүниелерді құптайтыны белгілі. Мұсылмандарды күшті, қуатты болуға шақырған Пайғамбарымыздың (оған Алланның игілігі мен сәлемі болсын) өмірінде салауатты өмір сүру салтын насихаттаған оқиғаларды айта кетсек, сахаба Абдулла ибн әл-Харис (оған Алла разы болсын) былай дейді: «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Аббастың ұлдары Абдулланы, Убайдулланы және Кәсирді қатар қойып: «Кім маған бірінші келеді, соған мына, мына нәрселерді беремін», - дейтін. Олар жарыса жүгіріп келіп, оның арқасына, көкірегіне отыратын. Ал, Ол (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оларды құшақтап, беттерінен сүйетін».
Сахаба Ибн Аббастан (оған Алла разы болсын) жеткен бір хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Жүлде тек ат жарысына немесе түйе жарысына, яки найза лақтыру (садақ ату) жарысына беріледі» – деген.
Жоғарыдағы мысалдардан Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің үмметіне салауатты өмір салтын насихаттап, соны дамытуға шақырғанын байқаймыз. Ендеше, мұсылман денінің саулығына себебін тигізетін және оны шынықтыратын спорт түрлерімен әуестенуі сүннет амалына жатады.
Наурыз тойына орай, Селекцонный шағын ауданындағы "Орал" спорт клубында ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігі және Орал қаласы дене шынықтыру спорт бөлімімен бірлесе отырып спорттық шара өткізді.
Шарада теңбіл доптан, қол күрестен, қазақша күрестен және теннистен сайыс оздырылды.
Алдымен, ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов спорт сүйер қауымды Наурыз тойымен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Қол күресінен 1-орын Ж. Дакешовке, 2-орын Т. Марленов, 3-орынды А. Рамазановқа бұйырса, ал теннистен 1-орын М. Тұрсыновқа, 2-орын Қ. Есмұратұлына, 3-орын Б. Зұлқашевке бұйырды.
Командалық теңбіл доптан 3-орын облыстық орталық мешітіне тиесілі болса, ал 2-орын Ай-руға бұйырып, 1-орынды Орал медресесі қанжығасына байланды.
Сайыскерлерге мақтау қағаздары мен жүлделер табысталды.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.03.2017
3782
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру