Адамдардың арасында көркем қарым-қатынас қалыптастыруға қатты көңіл бөлген ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мағыналай келген хадистерінің бірінде үмметіне «Бір-бірлеріңе сыйлық беріңдер. Себебі бұл сендердің араларыңдағы сүйіспеншілікті арттырады», - деп өсиет еткен болатын.
Пайғамбар ған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) жолын жаңғыртып, сүннетіне сай амал еткен Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жас жамағаты Наурыз мерекесінде ақтөбеліктерге тосын сый жасады. ҚМДБ-ның "Жастар ісі" бөлімінің Ақтөбе қалалық орталық мешітіндегі өкілі Нурллин Райымбек бастаған мешіттің бір топ шәкірттері қала тұрғындары мен қонақтарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, ізгі тілектерін білдіріп, оларға «тәтті» сыйлық тарту етті. Жастар қаланың көшелерін аралап, базарларда, ойын-сауық орталықтарында болды. Автобус ішіндегі жолаушыларға, такси жүргізушілеріне, жасы мен жасамысына да, тіпті ойын баласына дейін сыйлық үлестіріп, үлкен-кішінің алғысын алды. Қазақы киіз үйдің формасындағы қорапшаның ішіне тәтті кәмпиттер мен шоколадтар салынған шағын сыйлық көпшілікке керемет мерекелік көңіл-күй сыйлап, шат-шадыман етті. Таңқалдырды, тамсандырды.
P.S.: Мешіт жастарының мейірімге толы бұл ісі жақсылық жасау үшін байлық не басқа емес, ықылас пен шын ниет қажет екендігін және мұсылманшылық тілде емес, ділде екендігін дәлелдей түсті.
Ақтөбе қалалық орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.03.2017
3563
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру