Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мерекенің бір мәні – қайырымдылықта...

23.03.2017 3332 0 пікір

«Ұлыстың ұлы күнінің бір мәні мұқтаж отбасыларға қайырымдылық жасауда. Бұл күні адамзат баласы қуануы тиіс. Жер дүниеге таралған әз- Наурыздың нұры қай адамның болмасын жүрегін жадыратып, жағдайы төмен отбасыларға көмек жасалуы тиіс. Біз тұрмысы төмен отбасыларды қуанту мақсатында осындай қайырымдылық шарасын ұйымдастырып отырмыз», - дейді ҚМДБ-ның Өскемен өңірі өкілдігінің қайырымдылық шарасын ұйымдастырушы "Жастар ісі" бөлімі өкілі.

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Өскемен қалалық мешіттердің атсалысуымен Өскемен қаласында тұратын жағдайы төмен бірқатар отбасыларға азық-түліктің көмегі көрсетілді.

Оларға  облыстық «Халифа Алтай» мешіті Наурыз дастарханын жайып, наурыз көже үлестірді.

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында жасалған қайырымдылық көмегіне олар да риза болып, игі шараны ұйымдастырған ҚМДБ Өскемен өкілдігіне алғыс білдірді.

 

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру