БҚО әкімі Алтай Сейдірұлы бастап алдымен «Жыл басы – әз-Наурыз» атты облыстық көрмені тамашалады.
Наурыз тілектер айтылып, қазақ халқының салт-дәстүрлерінен көріністер көрсетілді. Наурыз тағамдары ретінде бауырсақ, наурыз көже, ет, ұлттық тағамдар ұсынылды.
Жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтаған облыс әкімі Алтай Көлгінов: «Ұлыстың Ұлы күні, береке мен бірліктің бастауы, Жыл басы – Наурыз құтты болсын! Қазіргі уақытта Наурыз жаңа сипатқа ие болды. Ұлтына, діни сеніміне қарамастан, Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттар мен ұлыстардың ортақ мерекесіне айналды. Алдымызда үлкен асулар, үлкен белестер тұр. Мешін жылы Елбасымыздың басшылығымен еліміз үшін қазыналы, мерекелі, берекелі жыл болсын!» – деді.
Наурыз тойына мешіт имамдары, медресе ұстаздары мен шәкірттер қатысты.
Наурыз тойы мереке концерттік бағдарламаға жалғасты.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.03.2017
3384
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру