
Наурыз айының 17-сі күні Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінде сауапқа жетелеген, жақсылыққа үлгі боларлық қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.
ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша өкілідігінің ұйытқы болуымен өткізілген жәрмеңкеге мешіт жанындағы сауат ашу курсының шәкірттері дайындаған тігін өнімдері мен қолөнер бұйымдары сатылымға қойылды.
Дәлірек айтқанда, жас келіндер мен әже-аналарымызға арналған кимешектер, 12 жасқа дейінгі қыз балаларға арналған намаз көйлектері, 1-2 жастан жоғары қыз және ұл балаларға арналған ұлттық бас киім мен кәжекей, жайнамаздар сатылды. Сондай-ақ, ардақты аналарымыздың қолынан шыққан түрлі ас мәзірлері жәрмеңкенің шырайын келтірді.
Бұл қайырымдылық жәрмеңкесінің мақсаты қоғамдағы шын мұқтаж жандардың қажеттілігін көп болып көтеріп, жабырқағанның жанынан табылу еді. Қайырымдылық жәрмеңкесін аралаған өкіл имам Батыржан Берденұлы әрбір заттың сапасы мен шеберлердің қолөнер бұйымдарын көзбен көрді. Сондай-ақ, қайырымдылық жасаудың дінімізде нағыз сауап іс екенін түсіндіріп өтті.
Гүлбану Нұрымқызы,
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
19.03.2017
3299
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру