
Күндердің сұлтаны саналатын қасиетті жұма күнін «Әзірет Сұлтан» мешітінің жамағаты сауапқа толы өткізді. Алла Тағала парыз еткен жұма намазының сауабына қоса, бұл күні құлшылық ордасына аяқ басқан Астана қаласының тұрғындары қайырымдылық шарасына үлес қосып қайтты. Оған қоса, дәмі тіл үйірген тәтті тағамдарды арзан бағаға сатып алып, қалтасындағы қаржыға да үнем жасады. Байқап қарасаңыз, бір ғана сәтте қаншама сауапқа ие болды десеңізші!
Әрине, бұның бәрі «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел жамағаты ұйымдастырған «Қайырымдылық жәрмеңкесінің» арқасында орын алып отыр. Әр тоқсан сайын тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан «Қайырымдылық жәрмеңкесі» бұл жолы халқымыздың ұлық мерекесі – Наурыз мейрамының құрметіне арналып ұйымдастырылды. Жәрмеңке аясында жамағатқа наурыз көже үлестіріліп, «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел ұстаздары мен шәкірттері дайындаған түрлі тағамдар арзан бағада сатылды. Сондай-ақ, жәрмеңке тауарларының қатарын ҚМДБ-на қарасты «Хикмет» телерадиостудиясының өнімдері мен діни әшекей заттар да толықтыра түсті.
Айта кетейік, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел ұстаздары бұған дейін бірнеше мәрте «қайырымдылық жәрмеңкесін» ұйымдастырып, түскен қаражатты «Ана мен бала» орталығындағы науқас сәбилерге, тағдыр қыспағында қарияларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға таратып берген болатын. Қалыптасқан үрдіс бойынша, бұл жәрмеңкеден жиналған қаржы да түгелдей қайырымдылық шарасына жұмсалатын болады. Ол туралы алдағы уақытта арнайы жариялайтын боламыз.













ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.03.2017
4198
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру