
Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі уағыз-насихат жұмыстары күн санап жаңа қарқын алып келеді. Мешіт имамдары мен ұстаздарының түрлі тақырыптарды қамтыған уағыз жұмыстарының тыңдарманы да молая түсуде. ҚМДБ бекіткен төрт бағыттың бірі – осы уағыз-насихат жұмыстары екенін ескерсек, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті аталмыш бағыт бойынша өзге құлшылық ордаларына үлгі болып келеді.
Шәкірттермен өткен сондай келелі кездесулердің бірі кеше асыл дініміздегі адал кәсіп жасау тақырыбына арналды. Мешіт ұстазы Фарқат Алтай осы тақырыпта ой толғап, Ислам дініндегі харам мен адал кәсіп жасаудың аражігін ажыратып, күрмеуі көп күрделі тақырыпты тарқатып берді. Кездесу соңы шәкірттердің сұрақтарына кезек беріліп, әдемі әңгіме-дүкенге ұласты.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.03.2017
3600
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру