
Маңғыстау облыстық орталық мешіті сауат ашу курстарында білімін жетілдіріп жүрген шәкірттер Алланың 99 көркем есімін жатқа айтудан өзара сынға түсті. Жарысты облыстық мешіттің наиб имамы Қажымұқан Елжанов ұйымдастырды. Ал төрешілікті мешіттің ұстаздары атқарды.
Аталған шараға шәкірттер арасынан оқ бойы озық шыққан бес қатысушы білімдерін сынады. Шәкірттер Алла Тағаланың 99 көркем есімдерін мүдірмей жатқа айтып әрі мағынасын айтып шықты. Үш кезеңнен тұратын бұл жарыста Ирсалиев Арғын есімді шәкірт сыннан мүдірмей өтіп, жеңімпаз атанды. Қатысушылар мешіт тарапынан дайындаған арнайы сыйлықтармен марапатталды. Игі шара алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Құранда Алла Тағала: «Ең жақсы атаулар Аллаға тән. Оған сол аттармен жалбарыныңдар» (Ағраф сүресі, 180-аят) десе, хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Алланың тоқсан тоғыз есімі бар. Кім оларды жаттап алса жәннатқа кіреді» ,- деген (Тирмизи, Әбу Дәуід).
Жаратушы Иеміз баршамызды жақсылықта, сауапты істерде, ел игілігі жолындағы жұмыстарға белсенділік танытуды нәсіп еткей!
Маңғыстау облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.03.2017
8529
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру