Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Алаш ордасының құрылуына 100 жыл» толуына орай шағын футболдан жарыс өтті (ФОТО)

16.03.2017 4093 0 пікір

ҚМДБ Семей аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Алаш ордасының құрылуына 100 жыл» толуына байланысты қалалық мешіт имамдары мен жамағаттар арасында Шағын футболдан жарыс өтті.

Мешіт имамдары ақ сәлде, ақ шапандарын спорттық киімге ауыстырып, тұтас бір күнін футбол алаңында өткізді. Дін қызметкерлерінің көркем уағыздарын тыңдап, иман байлығын жиып жүрген жамағаттарымызды бұл жолы мешіттен емес «Жастар» спорттық кешенінен  кездестірдік. Қала, аудан, ауылдардан жиналаған қатысушыларымыз 11 командаға бөлініп, қызу ойын жүргізіп, асыл дініміз бен қатар спорттық ойындарды, салауатты өмір салтын кеңінен дәріптеді.

Көш бастаған Семей қалалық «Тыныбай» мешітінің командасы футбол кубогына иелік етіп, 1-орынмен жеңіс тұғырынан көрінді. Семей қалалық «Бұйғылы» мешітінің командасы  2-орынға жайғасса, Мешіт жамағаттар командасы 3-орынға табан тіреді. Бұл көрсеткіштермен қатар «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы» деген номинациялармен қатысушыларды Семей аймағы бойынша өкіл имам Алтыбай Қуанышұлы марапаттады.

Жастарға үлгі болған дүбірлі дода өз мәресіне жетіп, ойын мақсатты аяқталды. Ал, өз командаларына жақтасқан жанкүйерлер тарапы тартысты ойынды тамашалап, әсерлі  ойынның куәсі болды.

 

Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру