Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Қыз сұлу көрінеді әдебімен» атты рухани кеш өтті (ФОТО)

16.03.2017 4301 0 пікір

Қарағанды облыстық орталық мешітінде жастар ісі бөлімі және әйелдер қыздар секторының ұйымдастыруымен "Қыз сұлу көрінеді әдебімен" атты рухани кеш өтті. Аталмыш кеште Қарағанды облысының өкіл имамы Өмірзақ қажы Бекқожа кіріспе сөзін сөйлеп, келген қонақтарға өзінің ізгі тілегін жеткізіп, уағыз-насихатын арнады. Аймақтың айтулы ақыны Дидар Хамиев ардақты аналарымыз бен асыл қарындастарымыздың құрметіне терме айтып, кештің сәнін келтірді. 

Қыздар арасында бірнеше кезеңдерді қамтитын ойын ойнатылды. Білімдері бірінен-бірі асып, ойынның әр кезеңінен сүрінбей өткен қатысушыларға марапаттау қағаздары мен Құран Кәрім және қаржылай сыйлық берілді. Рухани кешке келген қонақтарға да сұрақ-жауап ойыны ойнатылып, сыйлықтар үлестірілді. Кеш соңында дастархан басына жиналған қонақтарға  бата беріліп, Құран оқылды.

Қарағанды облыстық орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру