Уағыз және насихат шаралары аясында ЖАНТ жұмысын жаңа белге көтеру туралы Діни басқармадан берілген тапсырмаға орай Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының бас имамы Тимур Елеуов Зайсандағы кеденшілермен кездесу өткізді.
Шараға кеден қызметкерлері мен кеденнің басшылығы қатысты.
Кездесуде аудан имамы кеденшілерге қызметтегі әдеп туралы, пара алуға байланысты тыйымдар жайлы салиқалы уағыз айтты.
«Халыққа адал қызмет ету туралы асыл дінімізде тамаша тағылымдар көп кездеседі. Сондықтан да, әрбір азамат өз кәсібіне селқос қарамай, адал еңбек етуі тиіс. Әсіресе, мемлекеттік қызметкер жемқорлыққа жолаймай, өзінің міндетіне сергек қарауы тиіс. Еліміздің игілігі үшін абыройлы еңбек етіп жүргендердің еңбектері еселене берсін» деді аудан имамы кездесуде.
Кеден басшылығы да тағылымды насихат айтып, ел руханияты үшін қызмет етіп жатқан аудандық мешіт ұжымына алғысын білдіріп, имамдардың қызметіне сәттілік тіледі.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.03.2017
3053
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру