Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имамдар "Көрісу" күніне орай сұхбат берді (ФОТО)

16.03.2017 4112 0 пікір
14-наурыз – Көрісу күніне орай «Иманғали» орталық мешіті имамдары облыстық «Қазақстан-Атырау» телеарнасына сұхбат берді.

Татулық пен бірлік – дін-Исламның діңгегі. Осы ретте «Көрісу» күнінің шариғатпен ұштасатын тұстары да жоқ емес. Көрісудің тағылымдық мән-маңызына тоқталған ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы көне салттың қоғамдық-тәрбиелік маңызын осы тұрғыдан түсіндіріп берді.

Сонымен қатар, наиб имам Ардақ Жұмабекұлы және азаншы Арман Урумбаевтар да көрісу күнінің қарға тамырлы қазақ баласын бауырмалдыққа шақыратын ұлттық құндылықтары туралы өз пікірлерін білдірді.  

 

Гүлбану Нұрымқызы,

«Иманғали» орталық мешітінің

баспасөз қызметі


 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру