Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы барша жұртшылықтың тарапынан қолдау тапты. Еліміз үшін маңызды болған бұл құжатта, діни экстремизмнің алдын алу жөнінде жан-жақты айтылған.

Қостанай қалалық мешітінде «Ислам дінінде терроризм мен экстремизмге жол жоқ» атты дөңгелек үстел өтті. Осынау жиынның өтуіне аталған мешіт ұжымы мен «Лев Толстой» атындағы облыстық кітапханасының қызметкерлері мұрындық болды.

Кездесуге арнайы келген Қостанай қалалық мешітінің наиб имамы Дүйсен Дайыр, Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасының бас маманы Нұрсұлтан Әбішев, Л. Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханашысы Алмас Мұратбеков, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының аға оқытушысы, саяси ғылымдар магистрі Төлеу Паниязұлы қозғалып отырған өзекті тақырып жөнінде өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды.

Қостанай қаласындағы педагогикалық және индустриальдық колледжінің студенттері де аса белсенділік танытты. Олар көкейде жүрген сауалдарын қойып, тақырыпты айшықтай түсті.

Сондай-ақ жұртшылықтың назарына терроризммен күрес туралы, қоғамға жат дін өкілдерінің әрекеттері жөнінде бейне ролик көрсетіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Ислам дінінде терроризм мен экстремизмге мүлдем жол жоқ екендігі қасиетті Құран аяттары мен хадистермен қуатталатындығы айтылып, жастардың теріс ағымдардан аулақ болу үшін олардың діни сауаттарын көтеру бағытында жұмыстар қарқынды жүру керектігі сөз болды. Бұл шараға қатысқандардың ортақ пікірі осындай болды.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы
өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.03.2017
4451
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру