
Жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай жерде-жерде бой көтерген теріс ағымдардың бүгінде еліміздің тұтастығына нұқсан келтіріп, береке-бірлігіне сызат түсіру жолында жұмыс жасап жатқаны ешкімге жасырын емес. Өз діни ұстанымдарын желеу еткен олардың ата-бабамыз ұстанған дәстүрлі дінімізді мансұқтап, ұлттық құндылықтарымызды қажетсінбейтінін де көзіміз көріп жүр. Былайғы жұрт олардың балағы мен сақалына қарап, сырттарынан тон пішіп, топшылап жатады. Дегенмен, теріс ағымдағылардың негізгі ұстанымы мен олардың басты ерекшеліктері қандай, ата-бабамыз ұстанған дәстүрлі жолымыздан алшақтағандардың айырмашылығы неде?
Осы тақырыптарда ой қозғаған республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Дінмұхаммед Сманов бүгін Астана қаласындағы «Тәуелсіздік» сарайының қызметкерлеріне дәріс өткізді. Жат ағымдардың ұстанған жолы мен олардың қарама-қайшылықтары жайлы түсіндірме жұмысын жүргізген ұстаз уағызының қызметкерлер үшін маңызы ерекше болды. Кездесу соңы сұрақ-жауапқа ұласып, сарай қызметкерлері аталмыш тақырып бойынша өздерін толғандырып жүрген сауалдарына жауап алды.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.03.2017
3408
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру