Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Ата Заң: руханият мәселелері» атты оқыту семинары өтті (ФОТО)

15.03.2017 3668 0 пікір

Оңтүстік Қазақстан облысы орталық мешітінің мәжіліс залында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ОҚО бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен мешіт қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға арналған «Ата Заң: руханият мәселелері» атты оқыту семинары өтті.

Аталмыш семинарға ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің аға оқытушысы, т.ғ.к. құқықтану доценті Ғаббар Маймақов, аудан, қала және ауыл имамдары мен ұстаздары қатысты. 

 Семинарда Ғаббар Маймақов дін қызметкерлеріне "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" - заңы - діни бірлестіктерді реттеудің жаңа сатысы” тақырыбы бойынша дәріс оқыды.

"Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазрет мешіт имамдарының діни біліктілігімен қатар заңнамалық мәселелерді білуін үнемі айтып келеді. Сондықтан да, осы бағыттағы семинарларды тұрақты өткізіп тұратын боламыз" - деді Ахметжан қажы Керімбек.

 

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша

өкілдігінің баспасөз қызметі

 



 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру