Мұнайлы аудандық мешітінде аруларға арналған «Қыз өссе - елдің көркі» атты сайыс өтті.
Облыс мешітіндегі әйелдер-қыздар секторының жетекшісі Гаухар Жұмағалиева ұйымдастырған шараға 7 қыз қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Сәлемдесуден басталған сайыста қыздардың өздерін таныстыруы сынға салынса, қолөнер бөлімінде арулардың қолынан келетін істеріне баға берілді. Онан соң білімдерін сарапқа салар сұрақ - жауап бөлімінде қазақтың салт –дәстүрлері бойынша сауалдар қойылды. Соңғы бөлімде қыздар мақал –мәтел айтудан жарысты.
Облыстағы әжелер мектебінің жауапты мүшесі Нұрниса Махмудова, Ар –Рахман мешітінің ұстаздары Назерке Мусина мен Мәдина Жүрмағамбетова, облыстық мешіт ұстазы Гаухар Жұмағалиева сынды әділ қазылар алқасы 7 арудың арасынан ең үздігін таңдап, өзгелерін де жетістіктеріне сай марапаттады.
Байқау қорытындысында Салтанат Исаева -«Білімді ару», Фариза Айнадин мен Рухия Хабибулла - «Көркем ару» , Айгерім Назарбаева - «Сөзге шешен ару» , Гүлзада Ерман -«Шебер ару» , Жұмагүл Шермұхаммед - «Сүйкімді ару» деген номинацияларды иеленді. Ал жарыстың бас бәйгесін қанжығасына байлап, «Ислам аруы» атағын жеңіп алған Әсем Алғашева есімді бойжеткен болды. Сайысқа қатысушы қыздардың барлығы арнайы дипломмен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.
Маңғыстау облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі









alt="" width="800" height="600" />

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.03.2017
4564
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру