Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

"Әзірет Сұлтан" мешіті қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырады

14.03.2017 3481 0 пікір

Астана қаласындағы республикалық "Әзірет Сұлтан" мешіті халқымыздың төл мерекесі Наурыз мейрамына орай "Қайырымдылық жәрмеңкесін" ұйымдастырады. Наурыз айының 18-жұлдызына жоспарланып отырған жәрмеңке барысында "Әзірет Сұлтан" мешітінің әйел ұстаздары мен жамағаты әзірлеген тағамдар төмен бағада сатылатын болады.

Осы бір сауапты істен құр қалмай, атсалысамын десеңіз, есігіміз әрдайым ашық. Ол үшін өзіңіздің сатуға жарайтын заттарыңызды (түрлі бұйымдар, тәттілер, бәліштер т.б.) ұйымдастырушыларға тапсырасыз. 

Қасиетті жұма күні кешкі сағат 17.00-ге дейін жалғасатын жәрмеңкеден түскен қаражат түгелдей қайырымдылық шараларына жұмсалатын болады. Айта кетейік, бұндай қайырымдылық жәрмеңкесі "Әзірет Сұлтан" мешітінде жыл сайын ұйымдастырылып келеді.

Ұлттық мерекеміздің аясында қасиетті жұма күні өтетін қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысып, сауапты іске атсалысуға асығыңыздар!

Байланыс: Әлия ұстаз: +7 701 9044415; Аягөз ұстаз: +7 778 1507430

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру