Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

"Әйелдер-қыздар" секторы қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді

14.03.2017 3711 0 пікір

Қайырымдылық жасау – сауапты іс. Бүгінгі таңда қаладағы мешіттер тарапынан қайырымдылық жасау, қамқорлық көрсету, мұқтаж жандарға қол ұшын созу сынды сауапты істер көптеп ұйымдастырылып келеді.

Солардың қатарында облыстағы "Әйелдер-қыздар" секторының ұйымдастыратын қайырымдылық жәрмеңкелері де бар.

Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде облыстық "Әйелдер-қыздар" секторының ұйымдастыруымен өткізілген қайырымдылық жәрмеңкесіне қыздар жамағаты, шәкірттер белсене атсалысты. Олар өз кезегінде пісірілген тәттілерін, қолөнер бұйымдарын саудаға салып, өзіндік үлес қосты.

Жәрмеңкеден түскен қаражат мешітке көмек сұрап келуші мұқтаж жандар үшін жұмсалды.

Сондай-ақ, Байқоңыр қаласы "Жәрімбет" мешітінің ұстазы Сыдықова Ләззат ұстаз шәкірттерімен бірігіп, қайырымдылық жәрмеңкесі аясында жағдайы төмен отбасыларға тәттілерден сыйлықтар таратты.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру