БҚО Орал облыстық орталық мешітінде əйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен "Ең жақсы инвестиция – балаларымыз" атты рухани кеш өтті. Кешке бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен əлемді тербеткен, салт пен дəстүрді кемел жеткізуші апа-əжелеріміз, қыз-келіншектер мен аналарымыз арнайы қонақ болды.
Әжелер өздерінің басынан кешірген қиындыққа толы ғұмырларын айтып, сабырлықтың сырын бөлісіп, көкейге түйерлік дүниелерді жеткізді.
Исламдағы ананың рөлі мен баланың орны, бала тəрбиесіндегі қоғамның рөлі туралы аналарымызбен сыр-сұхбат жүргізілді.
Көрермендер көкейтесті сұрақтарын қойып, жауаптар алды.
Қазақтың терме-күйлері шертіліп, жамандықтан жиреніп, жақсылыққа үндейтін өлең шумақтары айтылып, көрерменге мағыналы кеш, жақсы көңіл-күй сыйлады.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша Әйелдер қыздар секторының өкілі Гүлжәмиля Ахметова
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.03.2017
4534
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру