Жетісу жері жазиралы Жаркент қаласында қыз-келіншек, әйелдерге арналған семинар тренинг болып өтті. Алматы облысы дін істері басқармасы және ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен болып өткен бұл семинар-тренингке "Нұр-Мүбарак" университеті "Исламтану" кафедра меңгерушісі, дінтанушы Шәмшат Әбілдаева қатысты.
Дінтанушы Исламдағы әйелдің орны мен рөлі, жанұя шаттығы, бала тәрбиесі және қоғаммен қарым-қатынас туралы кең ауқымды дәріс оқып берді.
Сонымен қатар, жат ағымдар мәселесі де шет қалған жоқ. Қазіргі замандағы асыл дінімізге кір келтіріп жатқан керағар топтардың зардап-зияндары туралы да әңгіме өрбіді.
Тренинг соңында тыңдаушылар тарапынан қойылған сан-алуан сұрақтарға жауап берілді, жамағат ризашылықпен тарқасты.
Талдықорған өңірлік баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.03.2017
3635
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру