Осы мақсатта ұйымдастырылған жексенбілік шай отырысы ойдағыдай өтіп, шәкірттер арасындағы таныстық тереңдей түсуіне жол ашты. «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Эльмира Бұхарбаева бұл отырыстың алдағы уақытта да жалғасы болатынын жеткізіп, соған байланысты өз ұсыныстарымен бөлісті. Әйел шәкірттердің қатысуымен әртүрлі шараларды өткізу жайында ой бөлісіп, ұйымдасқан түрде атсалысуға шақырды. Осы уақытқа дейін бірнеше мәрте ұйымдастырылған «қайырымдылық жәрмеңкелері» жайлы мысал келтіріп, сондай сауапты істерге жұмыла көмектесуге үндеді.
Бұдан бөлек, жиналған жамағатқа уағыз-насихат айтылып, тағылымды тақырыптарға қатысты әңгіме-дүкен құрды. Ақжаулықты апа-әжелер өнеге-өсиеттерін айтып, бойжеткен шәкірттерді ақыл-кеңестерімен байытты.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.03.2017
2995
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру