Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Аптадағы қайырымдылық шаралары

13.03.2017 3472 0 пікір

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешіті жанынан ашылған «Сен де үлес қос!» қайырымдылық акциясының аясында бірқатар жанұяларға көмек көрсетілді.

Атап айтқанда, аз қамтылған отбасыларға азық-түлікпен, киім-кешекпен жәрдем беріліп, балалардың ойыншықтары  таратылды. Сондай-ақ, 10 студентке азық-түлік салынған әлеуметтік пакеттер үлестірілді.

Өткен жылдың қараша айында бастау алған акциядан осы уақытқа дейін көмекке мұқтаж көптеген жанұяларға қаржылай, заттай,  азық-түлікпен көмек берілді.  Акцияға атсалысып, мұқтаждың қажетін өтеуге жәрдемдескен, баланың жүзіне қуаныш ұялатқан жомарт жандарға  алғысымызды білдіреміз.

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің

баспасөз қызметі

 

 MG 6925


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру