Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ОҚУШЫЛАРҒА СЫЙЛЫҚ ЖАСАЛДЫ

13.03.2017 3170 0 пікір

Қоғамда мүмкіндігі шектеулі жастар, арнайы бейімдеу орталықтарында білім алатын жасөспірімдер де бар екендігі аян. Бұл бағытта мешіттер тарапынан жыл сайын қамқорлық шаралары жасалып, арнайы сый-сияпаттар ұсынылып келеді. Бұл дегеніміз - қайырымдылықтың, мейірім танытудың бір бөлшегі десек те болады.

Қызылорда қалалық «Айтбай» мешіті мен «Мүбарак» мешіті қаладағы арнайы оңалту орталығында білім алатын оқушы балаларға көмек көрсетті. Атап айтар болсақ, олардың білім алатын мектебіне, арнайы оқушылар үшін спорттық қажеттіліктерді сыйға тартты. Балалардың бос уақытын тиімді өткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға ықпалы тиер вело-тренажер, арнайы былғары қолғап үшін соққы құралы және волейбол, баскетбол, футбол ойындарына арналған доптар табыс етілді.

Қалалық «Айтбай» мешітінің бас имамы, Жалпы және жастар ісі бөлімінің жетекшісі Керімбеков Нұржан Прәліұлы мектеп ұжымына аталмыш сыйлықтарды табыс етіп, бала тәрбиесі, ілім алу тұрғысында насихатын жеткізді.

Мектеп әкімшілігі мешіт ұжымдарына алғыстарын білдіріп, еңбектеріне табыс тіледі.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру