Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мәзһабқа сай намаз оқу үлгілері таратылды

12.03.2017 3832 0 пікір

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің қызметкерлері жуырда тағы да жақсы бастаманы қолға алды. «Бір мазхабты ұстанайық!» атты ұранмен бастау алған шараны ҚМДБ-ның жастар ісі бөлімінің Ақтөбе қалалық орталық мешітіндегі өкілі Нурллин Райымбек ұйымдастырды. Шараға мешіттің шәкірттері де белсенді атсалысты.

Олар қасиетті күні мешітке, жұма намазына асыққан жамағатқа Әбу Ханифа мәзһабына сай намаз оқу және дәрет алу үлгісі жазылған брошюлардың 300 данасын таратты. Әрбіріне қос құлшылықтың атқарылу ретін жіті түсіндіріп, сәждеге енді бас қойып, дінге бет бұрғандарға пайдалы мол мағлұмат берді. Жамағатты жік-жікке бөлінбей, қазақи дәстүрімізбен ұштасқан Әбу Ханифа мәзһабының үлгісінде намаз оқуға, бір әрі бүтін болуға шақырды. Үзеңгілестерінің бұл ісіне разы болған жастар да алғыстарын айтты. Сондай-ақ, аталған шара дінге енді ден қойған жастарды мәзһабты мойындамайтын жат ағым өкілдерінің жетегіне еріп кетуден сақтайтынына зор сенім білдірді.

Райымбек Нурлин,

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің

баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру